Екінің бірі аллергиямен ауырады деген стереотип шындықтан алыс емес сияқты. Елімізде 4 миллионнан астам адамда қандай да бір аллергия бар екен. Жыл өткен сайын олардың саны артып барады. Аллергиялық реакция неден болады, оны қалай тиімді емдеу керек? Бұл сауалдарды Орталық клиникалық аурухананың тәжірибелі аллерголог-пульмонологы Элеонора Старцеваға қоған едік.
Дәрігер аллергия әсіресе Алматы көбейгенін айтты. Ол көптеген факторларға байланысты, әрине. Дегенмен, бірінші кезекте қоршаған орта, қаладағы ауаның ластығы, өсімдіктердің белсенді гүлденуінен болады.
Элеонора Старцеваның айтуынша, заманауи препараттардың кең спектрінің арқасында аллергияны бақылап отыруға мүмкіндік мол.
– Совминкада біз емдеудің дәстүрлі әдістері мен биологиялық препараттарды қолданатын заманауи әдістерді қолданамыз. Бұл өте тиімді, – дейді дәрігер.