Басты бетМедициналық роботтар

Медициналық роботтар

Медициналық роботтар

Жаңа жылды болашақтың технологиясымен бастаймыз. Совминге  Medicaroid медициналық роботтар шығаратын жапондық компанияның өкілдері келді. Компанияның атауы «медицина» және «андроид» сөздерінің қосылуынан пайда болған, компания бұл салада жетекші роль атқарады, жапондық роботтарды Азиядағы урологтар, хирургтар, гинекологтар сәтті қолданады, қазір Германияда оқу орталығын ашу туралы келіссөздер жүргізілуде. Совминде күншығыс елінен келген қонақтар ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында заманауи медициналық робототехниканың мүмкіндіктерін таныстырды. Олар біздің дәрігерлерді оқуға шақырып, болашақта мұндай роботтар біздің аурухананың операциялық бөлмелерінде қолданылуы да мүмкін. Хирургиядағы роботтар хирургиялық араласу нәтижесінің адам факторына тәуелділігін азайтады және күрделі операциялар жасау кезінде техникалық мүмкіндіктердің кеңеюіне ықпал етеді. Оларды қолдану арқылы хирургтың жұмысындағы эргономикалық көрсеткіштер едәуір жақсарады, әсер ету дәлдігі мен бақылануы артады.