Басты бетАрдагерлер ауруханасы

Ардагерлер ауруханасы

Ардагерлер ауруханасы

Ардагерлер ауруханасы

Әр кезде де біздің Совмин өзінің ерекше кадрларымен алда тұратыны сөзсіз.Ұжымымызда 20, 30 тіпті 50 жыл бойы өз еңбегін адал атқарып жатқан мамандар жұмыс істейді.Еңбек кітапшасында бір ғана жұмыс орны жазылғандар да бар,өз істеріне берілген ақ халатты абзал жандар жайлы ой қозғайық.

Неврология бөлімшесінің мейірбикесі Бақытгүл Төлемісова 1982 жылы,мектептен кейін ауруханаға келді.Осы жылдар ішінде ол тек қана неврология бөлімшесінде қызмет етеді. Таңқаларлық бір жайт, біздің бас кейіпкеріміз бірде бір рет ауырып, сырқаттанып жұмысқа жарамсыздық парағын қолданбаған.Тек қана бала күтіміне қатысты демалысқа шықтым - дейді Бақытгүл Төлемісова.

-Мен басқа жұмысқа бірнеше рет ауысқым да келген, бірақ мені жібермеді, бұл туралы мүлдем өкінбеймін,-деп күлді Бақытгүл Төлемісова,-мен өз жұмысымды жақсы көремін,мен мұнда бәрін білемін, айналамда жақсы адамдар,өсіп-өнген ортам жүрегіме ерекше жылы.Ауруханамыздың науқастары ерекше, мейірімі мол адамдар.

Осындай ерекше жұмыс орнынан бас тарта алмаймын.Мейірбике денсаулығының құпиясын жақсы көңіл-күй мен күлімдеп жүру,барлық жағынан позитивті таба білуде дейді.Өмірде болған барлық нәрсеге жанашырлық пен ризашылықты білдіру деп санайды.

Мұндай адамдарды психологтар: "патриоттар" деп атайды.Уақыт өзгерістеріне қарамастан бір ұжымға берілген мамандар. Заманауи психология бойынша жобалар аяқталғаннан кейін жұмысты өзгерту қалыпты жағдай, бірақ ұзақ өмір сүретін мамандар әр кәсіпорынның "омыртқасы" болып саналады.Институционалды жады деп айтсақ қателеспейміз.