Басты бетМедицина мамандарының табиғи апаттарға, кез келген төтенше жағдайға дайын болуы өте маңызды.

Медицина мамандарының табиғи апаттарға, кез келген төтенше жағдайға дайын болуы өте маңызды.

Медицина мамандарының  табиғи апаттарға, кез келген төтенше жағдайға дайын болуы өте маңызды.

5- сәуір күні Ұлттық госпиталь  базасында арнайы сабақ өткізілді. Оған 121 медицина қызметкері қатысты.
Іс шара барысында дәрігерлерге «Жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі халықтың іс-әрекеттері», «ТЖ кезінде жиналатын орындар», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту» және «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» жайлы терең мағлұматтар берілді.
Ұлттық госпиталь директоры Асхат Бралов мұндай сабақтардың маңызы зор екеніне тоқталып, ТЖД мамандарына алғыс білдірді. Лекция аяқталған соң  
 «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Дабыл чемоданы», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту», «Өрт кезіндегі әрекеттер» жайлы жазылған кітапшалар таратылды.