Жер дүние жаңарып, көктем келді. Айналадағы жасыл желекті ағаштар мен хош иісті өсімдіктер кез-келген адамға тамаша көңіл күй сыйлайды. Ал өзіңіз баратын емхананың алдынан жайқалған раушан гүлдерін көру ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Ұлттық клиникалық госпиталіне қарасты емхана қызметкерлері ғимарат алдына раушан гүлдерін отырғызды.
Айта кету керек, Ұлттық клиникалық госпиталь ғимаратының жанында өзінің саябағы бар. Мұндай орын қаладаға өзге емханаларында кездесе бермейді. Жаңадан отырғызылған раушан гүлдері көп ұзамай бүр жарып, көз қуантары сөзссіз.