Ұлттық госпиталь жанындағы кешкі емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің бірі –Мөлдір Қалдыбекқызы. Мамандығы гастроэнтеролог, гепатолог. С.Д. Асфендяров атындағы КазҰМУ 2015 жылы тәмамдаған. Ал 2017 жылы интернатураны аяқтаған. 2017-2019 жылдары кардиология жане ішкі аурулар ҒЗИ-ның резидентурасында білім алған. Мөлдір дәрігер болуды бала кезінен қалап, алдына үлкен мақсаттар қойған. Алдына келген әрбір науқасты ыждаһаттылықпен тыңдап, көмегін аямайды. Қазіргі уақытта асказан-ішек ауруларының көбеюінің себептері жетерлік. Ең бастысы- дұрыс тамақтанбау. Жедел дайындалатын тағамдар мен тәтті, газды сусындарды тұтынудан бас тартқан дұрыс. Майлы тағамдар мен тәттілердің орынын жеміс-жидектермен, көкөністермен алмастырса ағзаға пайдасы зор дейді дәрігер.
Кешкі емхананың жұмысын қолдаймын, себебі күндіз жұмыстан шыға алмайтын адамдарға үлкен көмек болады. Сырқаттанып қалғанда уақытты созып жүре берсе, асқынып кетуі мүмкін. Ал кешкі емхана қызметте жүрген адамдарға өте ыңғайлы дейді Мөлдір Қалдыбекқызы.
Жас дәрігердің армандарының бірі –алыс, жақын шет елдерге барып, білімін жетілдіру. Медицина саласындағы озық тәжірибелерді көзімен көру. Маман ретіндегі ұстанымы – емдеу барысына зиян келтірмей , барлык ем шаралары мен дәрі-дәрмекті тек бекітілген көрсеткіші бойынша тағайындау.
Дәрігердің ең бастысы қағидасы –адамдарға қамқорлық көрсету, оларға құрметпен қарап, емделуші азамат сенім артатын тәжірибелі маман болу.