Президент іс басқармасы Медицина орталығының стоматология бөлімі Алматы тұрғындарына мәлім үздік емдеу орындарының бірі.
Мұнда тек қала тұрғындары ғана емес, еліміздің әр аймағынан және шет елден келген қонақтар да емделеді. Бөлім мамандары әрқашан жаңа технологияларды меңгеріп, емдеу әдістерін жетілдіріп отырады. Негізгі мақсат - тісті сақтап қалу. 2024 жылы емдеу, протездеу түрлерінен басқа түгел түсіп қалған тістің орынына имплант орнатуды жүзеге асырды. Жақ сүйегіне 4 имплант орнатылады: алдыңғы тістердің орынына 2, екі жаққа бір-бірден қойылады.
Бүйірдегі түйреуіштерді бұрыштың астына орыналастырады. Стержиндерді сүйекпен біріктіру аймағы протез жасауға үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ стоматологтар қызыл иекке плазмолифтинг жасайды. Бұл- қызыл иекті емделушінің қан плазмасы арқылы сауықтырудың жаңа әдісі. Оны суық тиген тіндерге инекция арқылы енгізіп, қайта қалпына келтіруге болады. Бұл әдіс қызыл иек ауырғанда, инвазивті асқынуларда көмектесіп, тіпті теріні жасартады. Ең бастысы госпитальдің стоматология бөлімі қорқынышы басым адамдар үшін дабыл түймесін ойлап тапқан. Емделу барысында адам осы түймешікті басып, емдеу процесін тоқтатады. Бірақ бұл жағдайды әлі ешкім қолданған жоқ