Басты бетЕвразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының ХIV сьезі

Евразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының ХIV сьезі

Евразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының ХIV сьезі

Ұлттық госпитальдің дәрігерлері халықаралық конференциялар мен форумдарға жиі қатысып отырады.

Онкологиялық хирургия бөлімінің гастроэнтеролог дәрігері Гаухар Ысқақова Душанбеде өткен ТМД және Евразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының ХIV сьезіне спикерлердің бірі ретінде қатысып қайтты. Кездесу ТМД және Евразия елдері онкология және радиология институттары директорлары орталығы Ассоциациясының отыз жылдығына орай ұйымдастырылды. Конференцияға осы саланың 6000 нан аса білікті маманы жиналды. Әлемнің 24 мемлекетінен 7000 мыңдай дәрігер іс шараға онлайн қосылды. Радиология саласындағы жаңалықтар, сәулелі диагностика, онкоурологиялық скрининг және жасанды интеллект жайлы әңгіме қозғалып, талқыланды. Гаухар Ысақова «Денсаулықты сақтау-қатерлі ісіктен хабардар болу мотвациясы» тақырыбында баяндама жасады. Тексерілу нәтежесінде Қазақстанда жыл сайын 30 мыңдай қатерлі ісік белгілері анықталады екен. Олардың саны 17-25% өскен. Ішімдік, шылым шегу, семіздік, ауаның ластануы қатерлі ісік ауруын тудыратын негізгі факторлар. Қазіргі уақытта 218 мыңнан аса адам есепте тұр. Өлім санының азаю көрсеткіші бұл сырқаттың ерте анықталуы мен адамдардың салауатты өмір салтына бет бұруынан дейді дәрігерлер.