Басты бетМемлекеттiк тiл медицина саласында

Мемлекеттiк тiл медицина саласында

Мемлекеттiк тiл медицина саласында

Ұлттық госпитальде Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен жасалған мемлеткеттік тілді үйрету порталының таныстырылымы өтті.

«Мемлекеттік тілді дамыту институтының» атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек оқыту әдістемесін көрсете отырып, бағдарламаны егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Тілді үйрену порталының құрлымы үш бөлімнен тұрады. Олар: әдістемелік ақпарат, оффлайн ресурстар, өз бетімен үйрену. Кез-келген қызметкер порталға тіркелу арқылы қазақ тілін меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

Осыған орай «Мемлекеттік тілді дамыту институты» және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл – «Қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту» бағдарламасы аясында оқытуды біріздендір мен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін жасалды. Меморандум мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат мәтіндерінде тіл және жарнама туралы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатындағы әріптестік болып табылады. Ауруханада қызметкерлерге қазақ тілін оқыту 2010 жылы қолға алынған. Түрлі жиындар, іс шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі. Ал 2012 жылдан бастап қазақ тілі сабағы Айгүл Жақсылыққызы өткізіп келеді. Қазақ тілін үйрету порталы жыл соңында толықтай іске қосылмақ…