Басты бетЕң басты ем - сенім

Ең басты ем - сенім

Ең басты ем - сенім

-Кезінде мен нейрохируг болғым келген, бірақ әйел адамға қиындау болар деп неврологияны тандадым. Қалай болғанда да әйел үшін от басы, бала-шаға басты орындау тұруы керек қой» деп әңгімесін бастады Ұлттық госпитальдің невропотолог-дәрігері Лаура Қадырбайқызы. 1990 жылы Алматыдағы медициналық институтты емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған Л.Қадырбайқызы кейін интернатураны тәмамдаған. Көптеген емхана, ауруханаларда қызмет атқрған дәрігер 2007 жылы Ұлттық госпиталдің ақылы бөліміне ауысқан. Тәжірибелі маманның айтуынша , қазір жиі кездесетін күйзеліс, жүйкенің шаршауы секілді диагноздарды бір бірінен бөліп қарауға болмайды. Мұндай жағдайда тек дәрімен ғана көмектесе алмаймыз дейді. Сырқатпен ашық сөйлесіп, отбасы, жұмыс жағдайы, жеке өмірі деген дүниелерді де зерттейміз. Көбінесе белі аяғы ауырып, басы ауырып келетін адамдардың сырқаты сол күйзелістен болып шығады. Мұндайда психиатрдың да көмегі қажет. Жылдар бойы ауырған сырқат бізден ем алып, 10-15 күнде айығып шыққан кездер де болды. Қазір маған көбінесе омыртқадағы грыжа, протрузия, қан қысымы ауруларымен келетіндер көп.Омыртқадағы осындай мәселелер инсультке алып барады. Артық салмақпен келген бір әйел адамға, омыртқадағы мәселенің барлығы салмаққа байланысты екенін жайлып түсіндіріп, сартық салмақты тастау керек екенін айттым. Сол әйел біраз уақыттан соң 30 кг салмақ тастап келіп, егер сіз дұрыстап түсіндірмегеніңізде мен себебін басқа жақтан ізеп жүрер едім деп алғысын айтты

Бізде «Сакай» деп аталатын жапондық аппарат бар. Ол омыртқаның, мойын және кеуде белдік сакральды бөлімдерінің скелеттік тартылуына арналған. 👇🏻