Басты бетСовминде өткен 42 жылдық еңбегім

Совминде өткен 42 жылдық еңбегім

Совминде өткен 42 жылдық еңбегім

-Тек осы жерде ғана жұмыс істедім, басқа жаққа кету ойымда да болған жоқ. Міне, 42жыл қызмет атқарған ұжымымды қимай зейнетке шығып барамын- дейді Ұлттық госпитальдің колл орталығының қызметкері Роза Кәкенқызы. 1984жылы Республикалық медицина колледжін тәмамдап «Совминка» деп аталатын ауруханаға келген жас маман алғашқыда 1-терапия бөлімінде жұмыс істеген. Кейін денсаулығына байланысты кол орталыққа аусыпты. Осында жүріп, психология факультетін, медициналық бакалаврды қызыл дипломмен аяқтаған. Кол орталықтың жұмысы өте күрделі. Әр жұмыстың өз қиындығы болады ғой.

Күніне 90-100 қоңырау соғылады. Әр қайсысына дұрыс жауап беріп, мінсіз қызмет ету міндетіміз. Кейде шаршап отырғанда небір әзілқой адамдар хабарласып, қызық сұрақтар қойып күлдіреді. Бір кісі : өтімдегі тасты алдыруым керек еді, тек сол тасты ғана алдырыңыздар, басқа еш жеріме тиіспеңіздер десе, енді бір ересек азамат сүндетке отыруға жазылсам деп қалжыңдайды. Әрине, біз де оларға әзілмен, сыпайы жауап береміз. Өмір сонысымен қызық қой. Жолдасым да зейнеткер. Алты жиен немере бар. Солардың балдай қылығына сүйсініп отырамыз- дейді ардақты ана, бақытты әже Р.Кәкенқызы