Ұлттық госпитальдің қызметкердерінен құрылған спорттық команда Бурабайда өткен мини футбол мен бильярд сайысына қатысып қайтты. Үш қызметкер бильярдтан бақ сынаса, 8 спортшы мини футболдан ұжымның намысын қорғады. Еліміздің әр аймағындағы медицина ұжымдарынан 8 команда сайысқа түсті. Тартысты бәсеке 2-тамызда «Оқжетпес» шипажайында өтті. Ұлттық госпиталь спортшылары бильярдтан «Үздік техника» аталымы бойынша жүлдеге ие болды. «Уақыттың тығыздығынан футболға тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік болмады. Жүлделі орынға іліне алмағанымыз аздап өкінішті. Болашақтағы жарыстарға мықты дайындықпен барамыз деген ниеттеміз» дейді команда мүшелері.