Ұлттық госпитальдің инфекционист дәрігері Жұлдыз Серікқызы Еуропада пайда болған маймыл шешегі жайлы мағлұмат беріп, сақтық шараларына баса назар аударуды ұсынды. Бұл дерттің негізгі белгілері қызу көтерілу, алақан мен табанда, шапта, ауыз қуысында бөртпелердің пайда болуы. Сондай –ақ лимфа түйіндері ұлғаяды. Инкубациялық кезең 6-12 күн аралығында. Орта есеппен 5-21 күн.