Басты бетКонституция күніне орай қызметкерлерді марапаттау

Конституция күніне орай қызметкерлерді марапаттау

Конституция күніне орай қызметкерлерді марапаттау

 

Президент Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы Алексей Цой Конституция күніне орай Ұлттық госпитальде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Биыл Ата заңымызға 29 жыл толып отырса марапатталған қызметкерлдердің алды осы емдеу мекемесінде 30 жылдан аса еңбек еткен. Алғыс хатқа ие болған жоспарлау бөлімінің жас маманы, экономист Дәурен Тілеутайұлы Қамбаров 3 жылдың ішінде үздік қызметкер ретінде сөзге түскен. Автоцех бөлімінің көлік жүргізушісі Сергей Николаевич Стрекастовтың осы салада жүргеніне 20 жыл болыпты. Ал бухгалтер Шынар Әлжанқызы Сыдықова ауруханада 12 жылдан бері қызмет атқарып келеді.Кадр бөлімінің маманы Қарлығаш Жанәділқызы Нұртәжиева 11 жыл , электромонтер Алексей Викторович Попов 20 жыл еңбек етсе, тазалық саласына жауапты Күнболат Садыханұлы Әшімжановтың аула тазалығы үшін тер төгіп жүргеніне 28 жыл болған. «Тұрақтылық, сабырлылық анамыздан дарыған қасиет. Ол кісі Кеген ауданында ауыл шарушылығы саласында 30 жылдан аса табан аудармай еңбек еткен. Мен де осы жерде шыдамдылықпен, сабырлылықпен жұмысымды атқарып жүрмін. Осындай марапат адамға күш жігер береді, көңіл күйін көтереді. Сол үшін алғыс айтамын » дейді Күнболат Садыханұлы. Біз де марапатталған әріптестерімізді құттықтап, еңбектеріңіз жана берсін дейміз.