Анадолы түрік клиникасының тұракты серіктестері тағы да Ұлттық госпитальда болды. Бұл медициналық орталық ең озық технологияларды пайдалана отырып, америкалық стандарттар бойынша жұмыс істейді. Науқастарды жоғары кәсіби мамандар емдейді. Клиниканың Қазақстандағы өкілдігі 2017 жылдан бері біздің ауруханамен тығыз байланыс орнатқан. Кездесуде абдоминальды-ортопедиялық хирургия саласын оқыту және шеберлік сабақтарын өткізу, консультациялар ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Сондықтан екі тарап 2019 жылы жасасқан меморандумды жаңартуды жоспарға енгізді.