Басты бет29-қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні

29-қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні

29-қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні

29-қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні. 2011- жылдан бері аталып келе жатқан бұл күнді дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығы мен ЮНЕСКО қолдаған. Әлемнің жүзден аса елінде бұл күнге ерекше мән беріледі. «Жүрек қан тамырлары аурулары - әлем бойынша да, біздің елімізде де бірінші орында тұрған сырқат түрі. Оның басты себебі - адамдардың өз денсаулығына салғырттығы» дейді Президент Іс басқармасы медицина орталығы Ұлттық госпиталінің терапевт дәрігері Әсемгүл Саятқызы. Дұрыс тамақтанбау, ұйқы режиімін сақтамау, су балансына көңіл бөлмеу, жалпы өмір сүру салтына мән бермеу жүрек қан тамырлары ауруына алып келеді. Қазіргі уақытта дәрігерлер адамдардың смартфондар мен компьютерге тәуелділігі, зиянды тағамдар мен сусындардың денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Алайда скринингтен өтіп, дер кезінде дәрігерге қаралуға уақыт таппаудың салдарынан жүрек қан тамырлары аурулары көбейіп барады.

Жүрек ауруының ең бірінші белгісі- сол жақ кеуденің шаншуы . Кейін мұндай ауырсыну арқада, қолтық асытында байқалуы мүмкін. Мұндайда бірден дәрігерге қаралу керек. Өз бетімен дәрі ішіп, немесе биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланып жүре берудің соңы жақсылыққа апармайды. «Менің тәжірибемде 37 жастағы келіншек төртінші баласын босанғаннан кейін инсульт алды. Оған денсаулығына байланысты босануға тыйым салған. Соған қарамастан перзент сүйіп, өз денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан мамандардың ақыл-кеңесіне мән берген жөн. » дейді Ә.Саятқызы. Жүрек қан, тамырлары аурулары тұқым қуалауы мүмкін деген болжам бар. Бірақ ол жүз пайыз дәлелденбеген. Ата-анаңызда жүрек ауру бар болса, сіз тексеріліп, алдын алуыңыз қажет. Инсульт, инфаркт алған науқастардың қалпына келуі оңай емес. Егер жас адам болса мүмкіндік те зор, ал егде жандарға уақыт керек... «Тағы бір айта кететін нәрсе –дәрігер сізге 30 пайыз ғана көмектеседі. Ал қалған 70 пайыз сіздің жазылуға деген сеніміңіз бен үмітіңіз. Жақындарыңыздың қолдауы мен қамқорлығы» дейді дәрігер Әсемгүл Саятқызы. Жүрекке салмақ салмаңыз, барынша абай болыңы