Кардиология саласын тандау себебім, 2 курста жүргенде анатомия сабағында бірінші рет жүрек –қан тамыр жүйесімен танысып, адамның осы ағзасын зерттеуге деген деген қызығушылығым оянды. Жүректің құрылымы, оның функциялары өте ерекше. Сол сәттен бастап болашақта қай бағытты таңдайтыным нақты шешілген болатын -дейді Ұлттық госпитальдің кардиолог және функционалды диагностика дәрігері Айдана Сәрсенғалиқызы Лепесова.
Ол С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін тәмамдап, кардиология және ішкі аурулар Ұлттық
ғылыми зерттеу институтында резидентурада білім алған. Қазіргі таңда жүрек –қан тамырлар жүйесінің ауруларынан қайтыс болған адамдар санының көрсеткіші әлемде, сонымен қатар Қазақстанда өсіп барады. ДДСҰ эксперттернің болжамы бойынша бұл ауруға шалдығатындар саны әрі қарай да өседі және де жасару үстінде. Соның ішінде – артериалды гипертония, ишемиялық жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігі және т.б түрлері бар. Жүрек аурулары тұқым куалайтын ауру түріне жатады. Егер, ата -анасында жүрек аурулары болса онда балаларына бұл 25-50% берілуі мүмкін.
Ал қалған 50% сыртқы факторларға байланысты. Мысалы: өмір сүру салты, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттері. Біз қызмет барысында адамдарға көбінесе осы сыртқы факторлар жайлы терең түсіндіруге тырысамыз. Дәрігер ретінде басты қағидам – науқастарға шынайы түрде қөңіл бөлу. Олардың сырқаттарына бей- жай қарамай, қолдау білдіре отырып қандай ем шара жасау керек екендігін, оның нәтиежесі қалай болатынын мұқият түсіндіру. Сол кезде ғана адаммен тез тіл табысасыз, ол сізге сенеді. Осындай қарым-қатынастан соң емшара жақсы нәтиеже береді деп ойлаймын. Адамдарға көмектесетін мамандық иесі болған соң арман, мақсаттарым өте көп. Ең бастысы – сырқат жандарға керек, сұраныстарғы маман болу – дейді Айдана Сәрсенғалиқызы.