Егер сізге хирург маманның көмегі керек болса Ұлттық госпитальдің кешкі емханасында жоғары санатты хирург Мырзабек Қасымов қызмет атқарады. Маманға жұмыс уақыты аяқталған соң асықпай қаралуға мүмкіндігіңіз бар. Мырзабек Қасымұлы 1986 жылы С.Асфендияров атындағы Алматы медицина институтын жалпы медицина мамандығы бойынша тәмамдаған. 1992 жылы клиникалық ординатурада жалпы хирургия саласы бойынша білім алды. Алматы, Қызылорда облыстарының аудандық, ауылдық ауруханаларында және Алматыдағы көптеген емдеу орындарында еңбек еткен. Білікті маманның медицина саласында жүргеніне 38 жыл. Осы уақыт ішінде ол тек хирургия саласында ғана емес, онкология, балалар хирургиясы салаларын да терең зерттеп, өнімді жұмыс атқарды.
Мырзабек Қасымұлы тәжірибелі дәрігер болса да үнемі ізденісте жүреді.
-Бәрін білем деген ойдан аулақ болу керек. Білмеген дүниені әрдайыым әріптестермен ақылдасқан жөн, сұраудан намыстанбау керек.
Кейде өзің білетін білетін, талай рет жасаған нәрселерің ойыннан шығып кетеді. Ондай кезде ешбір қысылмай әріптестеріңнен сұраған дұрыс. Себебі, ол бір науқастың денсаулығының тез қалпына келуіне, кейде тіпті өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді деп ойлаймын дейді білікті хирург Мырзабек Қасымұлы.
Екі бала өсіріп отырған дәрігер балалары мен немерелерін де білімді, ұқыпты, жауапкершілікті болуға үйретіп келеді.