Басты бетӘлі де біліктілігімді жетілдіремін

Әлі де біліктілігімді жетілдіремін

Әлі де біліктілігімді жетілдіремін

Ұлттық госпитальдің емхана меңгерушісі Сәуле Мағауияқызы Марденова осылай дейді. Дәрігерлер әулетінен шыққан Сәуле Мағауияқызы 1990 жылы Қарағанды медицина институтын тәмамдап, ғұмырын медицинаға арнады. 32 жасында Совмин ауруханасының табалдырығын аттаған жас маман зейнетке де осы жерден шығармын деп армандаған екен. «Адамның пейіліне қарай тілегі қабыл болады» деген сөз бар.

 

Бүгін әріптестері дәрігерді зор қошеметпен құрметті демалысқа шығарып салды. Еңбек жолында Алматыдағы жеке емдеу орынында бас дәрігер және №4 қалалық ауруханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған маман кәсібилік, адамгершілік пен жауапкершілік секілді қасиеттерді жоғары қояды. «Ұлттық  ауруханасы менің жастығымның , қызық та қиын күндерімнің куәсі. Жұдырықтай жұмылған тамаша ұжым жүрегімде мәңгі қалады» дейді Сәуле Мағауияқызы. Көптеген жас маманға жол көрсетіп, ұстаз болған білікті, тәжірибелі дәрігерге Ұлттық госпитальде кеңесші ретінде қызметін жалғастыруға ұсыныс тасталыпты. « Жоспарларым көп, әлі де оқып, зерттейтін дүниелер жетерлік енді соларды қолға аламын» дейді Сәуле Марденова.