Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында президент іс басқармасы медицина орталығының ұлттық госпиталінің біраз қызметкерлері марапатқа ие болды:
- Аурухананың дамуына үлес қосқан 2-жалпы практика дәрігерлері бөлімінің тәжірибелік мейірбикесі Гаухар Кемелбаева;
- Функционалдық және ультрадыбыстық бөлімінің дәрігері Юлия Шепелева және осы бөлімнің диагностика мейірбикесі Нұрсәуле Нәки;
- Оңалту және қалпына келтіру мен емдеу бөлімінің шаруа-бикесі Гүлмарал Торғауытова;
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бөлімшесінің мобильді бригада дәрігері Әсел Борсукова және осы бөлімшенің мейірбикесі Әйгерім Құлтаева;
- Клиникалық-диагностикалық зертхананың лаборант дәрігері Наталья Флатова;
- Пациенттерді тамақтандыру бөлімінің аспазы Майра Орақбаева; дәріхана қызметкері Сәуле Сүлейменова;
- Медициналық жоспарлау және статистика бөлімінің қызметкерлері Салтанат Әбдірахманова мен Марал Қабылханова;
- Медициналық жоспарлау және статистика бөлімінің дәрігері-статистигі Айжан Тұрғанбекқызы;
- Медициналық жабдықтар және медициналық газдар бөлімінің басшысы Кәрім Ернар, бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы Айнұр Шамардинова.
Анестезиология, реанимация, интенсивті терапия бөлімінің дәрігері Александр Семак және осы бөлімнің мейірбикесі Ирина Никонюк «Алғыс хатпен» марапатталды.
Салтанатты жиында сөз алған аурухана басшысы Асхат Зинешұлы Бралов жемісті еңбектің нәтиежесінде қол жеткізген үлкен жетістіктерде әрбір қызметкердің үлесі бар екенін атап өтті.