Жыл соңында Ұлттық госпитальдің онколог-хирург дәрігері Ержан Мәулітбекұлы Кеңесбаев 028 бағдарламасы бойынша Германияның Мангейм қаласындағы университеттік ауруханада тағлымдамадан өтті.
Тақырыбы: «Тік ішек хирургиясының интенсивті курсы. Колоректальды хирургияға толықтай ену».
Клиниканың тарихы ежелден, 1701 жылдан басталды. Алғашқыда шағын медициналық мекеме болса, қазіргі уақытта құрамында 30-ға жуық мамандандырылған бөлім, орталықтар мен институттар бар. Оларда 4800 бірінші санатты медицина қызметкері жұмыс істейді. Клиника Гейдельберг университетінің медицина факультетінің базасында болғандықтан, мұнда ұлттық және халықаралық деңгейде медициналық зерттеулер тұрақты түрде жүргізіледі -дейді аурухананың жетістіктерін көзбен көріп қайтқан Ержан Кеңесбаев. Клиника бірнеше рет беделді сапа сертификаттарын мысалы, KTQ, IQM және Германияның қатерлі ісік қауымдастығының сертификаттарын алған. Жыл сайын 76 мың науқас стационарлық, ал 210 мың адам амбулаторлық негізде емделу мен тексеруден өтеді. Стационарлық төсек-орындардың жалпы саны – 1352. Ерекше емдеу орыны анестезиология, офтальмология, хирургия, балалар хирургиясы,нейрохирургия, ортопедия, гинекология, тері және венерологиялық аурулар, оториноларингология, ішкі аурулар секілді медицинаның көптеген салалары бойынша қызмет көрсетеді. Тағлымдама тақырыбы бойынша оқу нәтижелерін жүзеге асыру 2025 жылдың 1-тоқсанынан бастап жоспарланған. Бұл хирургиялық әдістерді енгізу өте өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Ұлттық статистика агенттігінің стратегиялық жоспарлау жөніндегі бюросының мәліметі бойынша елімізде қатерлі ісіктері, тік ішек 7 орында (екі жыныста), ерлер арасында 4 орында;
Орналасқан жері бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім саны тік ішек ісігі 6-шы орында (екі жыныста), ерлер арасында 4-ші орында. Бұл алаңдайтынадай жағдай дейді онколог-хирург Ержан Кеңесбаев.