Нейрохирургия бөлімшесіне бас ауруы бар науқас келіп түскен еді. Диагностика жүргізгеннен кейін, МРТ-да ұзақ уақыт бойы айқын және анық белгілері болмайтын мидың үлкен ісігі анықталды. Нейрохирургтардың пайымдауынша, ол баяу өскендіктен байқалмаған. Нәтижесінде ісік 7-8 сантиметрге жетіпті. Пациентке жедел түрде екі кезеңді ота жасалды. Алдымен еліміздің жетекші нейрохирургі Мыңжылқы Бердіходжаев қан шығынын азайту үшін өсіндінің барлық қоректік тамырларын эмболизациялады. Содан кейін микрохирургиялық жолмен нейрохирург Шаяхмет Шореханұлы мен оның командасы әйелдегі ісікті толық алып тастады. Операция 6.5 сағатқа созылды. Ол күрделі операциялардың бірі деп саналғанмен соңында бәрі сәтті аяқталды. Қазір әйел нейрохирургия бөлімшесінде ем алып, сауығып, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
-Бұл оқиғаның ерекшелігі оның кенеттен анықталғанында. Ол шамалы ғана бас ауруы сияқты болғанмен, мұндай ісіктер есте сақтаудың төмендеуі, әлсіздік сияқты басқа да ауыр белгілерді тудырады. Егер біз уақытында араласпаған болсақ, онда пациенттің жағдайы қиын болар еді - деп атап өтті нейрохирург Шаяхмет Шореханұлы.