Ұлттық госпиталь дәрігерлері Отан соғысының ардагері Виктор Карпович Изюмниковті жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты. Таяуда ғана 100жас мерейтойын атап өткен ақсақал қонақтарды қуана қарсы алды. Виктор Карпович Министрлер кеңесінің Іс басқарушысы қызметінде зейнетке шыққан. Еңбек жолын Қостанай облысында агроном болып бастаған. Соғыс жылдары әуе күштері 17-ші гвардиялық әуе десанттық бригадасының құрамында 25 мәрте ұшақтан секіріп батылдығын көрсетті. Ол Венгрия, Австрия, Чехословакияда елдерінде болып, жеңісті Влтава көпірінде қарсы алған. Соғыстан кейін ол елге оралып, Оралдағы ауылшаруашылық техникумын аяқтады. Себебі әрдайым агроном мамандығын армандайтын. Кейін Тимирязев атындағы Мәскеу академиясына оқуға түсіп, Сталиндік стипендияның иегері болды. Өзі оқыған техникумында екі жыл мұғалім болып жұмыс істегеннен кейін, жастарды тыңға баруға шақырған үндеуден соң отбасымен Бурлинский ауданына агроном болып барды.
Виктор Карпович II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және көптеген мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.