Басты бетМетапневмовирус деген не ?

Метапневмовирус деген не ?

Метапневмовирус деген не ?

Халықты алаңдатып отырған метапневмовирус жайлы Ұлттық госпиталь дәрігерлері тұрғындарғы ақпарат беріп, кеңестерін ұсынды.

Метапневмовирус (HMPV) - респираторлық ауруларды тудырады. Бұл көбінесе балаларда, иммунитеті төмен және егде жастағы адамдарда байқалады. Бұл вирус тудыратын жоғарғы тыныс жолдарының аурулары ЖРВИ тобына жатады. Неғұрлым ауыр жағдайларда төменгі тыныс алу жолдары зақымданып, бронхит, пневмонияға ұласуы мүмкін. ДДС ұйымының сарапшылары бұл вирустың жаңа түрі емес, ол бұрыннан белгілі, бүкіл әлемде барын, маусымдық кезеңдерде таралатынын айтқан. Аурудың өршуі ЖРВИ-нің көпшілігі сияқты қыста және ерте көктемде болады. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының мамандары ДДС ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасап, алаңдауға ешқанда себеп жоқ екенін мәлімдеді. ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылдың күзіндегі тұмау емес вирустарға Республика бойынша 8 мыңнан аса сынама зерттелді. Оның 1,6%-ында ғана метапневмовирус оң нәтиже көрсетті.

Метапневмовирусты инфекция қалай беріледі?

Ол ЖРВИ сияқты науқас адамнан тарайды. Таралудың негізгі жолы – ауа тамшылары, сонымен қатар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы болуы мүмкін.

Эпидемия ошақтары отбасында, бала бақша мен мектептерде, кеңселерде науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған кезде тіркеледі. Аурудың алғашқы белгілері инфекция жұққан кейін 3-5 күннен соң пайда болады. Ол төмендегідей симптомдардан байқалады. Жайсыздық, әлсіреу, шаршау, бас және бұлшықет ауыруы, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы, мұрын бітелуі және мұрыннан су ағуы,тамақ ауруы, дауыстың қарлығуы, көздің қызаруы, конъюнктивит,құрғақ немесе дымқыл жөтел. Кейде құсу , іштің өтуі болуы мүмкін.

Метапневмовирусты инфекцияны емдеу.

Ауру белгілері немесе жоғары температура болса үйден шықпай, дәрігер шақырыңыз. Стационарлық емге көбінесе жас балалар жатқызылады. Ал қалғандары амбулаториялық негізде емделеді. MPPV емдеу үшін арнайы әзірленген вирусқа қарсы препараттар жоқ. Метапневмовирус инфекциясының арнайы вакциналық профилактикасы әзірленбеген. Дәрілік терапияны тек дәрігер тағайындайды.