Басты бетАллергияға диагностика қалай жасалады?

Аллергияға диагностика қалай жасалады?

Аллергияға диагностика қалай жасалады?

   Бұл ауру түрі жас балалардан бастап ересектерге дейін дендеп кеткен. Әсіресе көктем, жаз айларында ауру өрши түсіп, асқынулар көбейеді. Ұлттық госпитальдің күндізгі стационар бөліміндегі аллерголог дәрігерлер жыл бойы науқастарды қабылдап, кеңес беріп, асқынулардың алдын алуды ескертіп отырады.

 

   – Негізі аллергияны қыс маусымында емдейміз. Ол кезде шаң-тозаң басылып, гүлдейтін өсімдіктер болмайды. Науқас түрлі дәрілерді ішіп, өз бетімен емделмес бұрын дәрігерге қаралып, аллергияның себебін анықтаған жөн. Аллергия түрлі өсімдіктерден, тағам түрлерінен, кейде химиялық қоспалардан т.б болуы мүмкін. Алдымен аллергияның нақты неден екенін біліп алған дұрыс. Алматы тұрғындарының көпшілігінде шөптер мен өсімдіктерден аллергия. Біздің лабороторияда келген науқасқа диагностика жасалып, Қазақстанда шығарылған вакцина тағайындалады –дейді тәжірибелі аллерголог-пульмонолог дәрігер Эленора Константиновна Старцева.

 

   Лабороторияда ұзық жыл қызмет атқарап келе жатқан мейірбике Перизат Мадиярқызы Камалиева дәрігердің нұқсауымен диагностика жасайды. Ол үшін жаз маусымынан күзге дейін өстетін бірнеше шөп түрі бар сұйықтықты инемен тері астына енгізеді. Жиырма минут ішінде аллергияның қандай шөп немесе өсімдік түрінен екені белгілі болады. Тері ісініп, белгі бере бастайды. Кейін дәрігер ісінуді салыстырмалы түрде анықтап, қандай өсімдік түріненнен көбірек аллегргия болғанын белгілейді. Кейін науқасқа дәл осы шөптерден дайындалған вакцина тағайындайды. Вакцияна құрамындағы аллегрия беретін шөптер адам ағзасына біртіндеп, аз мөлшермен енгізіледі. Осылайша аллергиясы бар адам қыс маусымында емнің толық курсынан өтеді. Емдеудің соңғы курсындағы вакцина ағзағаны қалыпты ұстап тұру үшін тағайындалады.

 

   – Вакцина десе науқастардың көпшілігі бұлшық етке ине салу деп ойлайды. Бұл вакцина еш химиялық қоспасыз, осы өзіміздің аймақта өсетін шөптерден алынған. Таблетка түрінде. Дәмі жағымды, тілдің астына салып, сору қажет. Сосын жарты сағат бойы, су немесе тамақ ішуге болмайды.