Әбділманова Бибігүл Рахманқұлқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-невропатолог
Өмірдің заманауи қарқыны, жағымсыз экологиялық жағдай, күнделікті күйзеліс, аз қимылдау, созылмалы аурулардың асқынуы, ағзаның интоксикациясы – осының бәрі жүйке жүйесі ауруларының дамуына әсер ететін факторлар. Жас ұлғайған сайын неврологиялық аурулардың қаупі өседі және мынадай ауруларға алып келуі мүмкін: жүйке жүйесінің тамырлық аурулары (инсульт, дисциркуляторлық энцефалопатия, созылмалы церебральды-васкулярлық аурулар); перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (дорсопатия, соның ішінде омыртқа остеохондрозы, жарық, омыртқа аралық дискілердің протрузиясы, нейропатия, невралгия және басқалары); ми және жұлын жарақаттары;
— осының бәрі СовМинкаға келіп қаралуға себеп болып табылады. Себебі кез-келген аурудың, соның ішінде жүйке жүйесінің ауруларының адам өміріне қауіп тудыратын асқынуын күтпей алдын алған немесе ерте сатыда емдеген әлдеқайда жеңіл.
Жоғарыда көрсетілген ауруларды ерте анықтау және алдын алу СовМин ауруханасында JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып неврология бөлімшесінде жүргіледі. Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі. Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады. Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.). Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады. Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай Ресей) үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен. Сізге мынадай ем түрлерін ұсынамыз:
- Бас ауруын, ұйқының бұзылуын, арқаның ауруы, үрейлі жағдайдан тиімді емдеу
- инсульттан кейінгі науқастарды толық кешенді оңалту, жеке тәсіл қолдану
- паркинсонға және эпилепсияға қарсы емді іріктеу және түзету
- нейрохирургтармен бірлесіп жұмыс істеу
- жетекші профессор неврологтардың консультациясы
«Адамдардағы ең құнды нәрсе – анық ақыл, өткір ой, ауырмай өмір сүру!» Бөлімше меңгерушісі: Абдильманова Бибигуль Рахманкуловна — медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-невропатолог, невролог лауазымындағы жұмыс өтілі 35 жыл. Дәрігерлер: Искакова Фатима Елеусизовна — жоғары санатты дәрігер- невролог, невролог лауазымындағы жұмыс өтілі 28 жыл. Смаилова Дана Мажиталиевна — жоғары санатты дәрігер- невролог, жұмыс өтілі - 14 жыл. Таурбекова Акерке Канатовна — екінші санатты дәрігер-невролог, жұмыс өтілі - 9 жыл.