Басты бетПациенттің міндеттері

Пациенттің міндеттері

Азаматтардың, дара кәсiпкерлiк және заңды тұлғалардың мiндеттерi 90-бап.

1. Азаматтар мыналарға міндетті:

1) денсаулығын сақтауға;

2) денсаулық сақтау объектілерінде қолданылатын ережелерді сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеруден өтуге;

4) денсаулық сақтау қызметкерлерінің, ведомстволардың және денсаулық сақтау ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқауларын орындауға;

5) өзiнiң және өзгелердiң денсаулығын қорғау жөнiндегi сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау мекемелерiнiң талап етуi бойынша тексеруден және емдеуден өтуге, денсаулық сақтау қызметкерлерiн олардың аурулары, оның iшiнде жұқпалы аурулар және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулар туралы хабардар етуге мiндеттi. Айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулары бар азаматтар тексеруден және емдеуден өтпеген жағдайда, олар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi тексерiлуге және емделуге жатады. Айналадағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі.

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін дәрігерге тіркелуге міндетті.

3. Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттері болады.

4. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметiне сәйкес:

1) санитариялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын сақтауға;

3) оларды өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және кластерлік жұқпалы және паразиттік аурулар, кәсіптік аурулар, уланулар туындаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар, өндірістің тоқтатылуы және технологиялық процестің бұзылуы туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жедел хабарлауға;

6) дәрiлiк заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға жағымсыз реакциялар анықталған жағдайда уәкiлеттi органға дереу хабарлауға;

7) басқа адамдарға жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі бар қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес өнiмнiң, шикiзаттың, тауарлардың, өндiрiстiк ортаның үлгiлерiн зертханалық зерттеу үшiн жинау мүмкiндiгiн беруге;

9) жеке тұлғалардың медициналық куәландырудан өткенін растайтын құжатсыз жұмыс істеуіне жол бермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған жұқпалы аурулармен ауыратындарды және жұқпалы ауру қоздырғыштарын тасымалдаушыларды жұмыстан шеттету;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін тауарларды, өнімдерді, шикізаттарды өткізуге жол бермеу және оларды пайдалану немесе кәдеге жарату туралы шешім қабылдау;

11) санитарлық паспорты болуы;

12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына байланысты есепке алу және есептiк құжаттаманы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық органдарға тексеру үшiн ұсынады;

13) кәсiпкерлiк және/немесе өзге де қызмет халықтың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса, оларды тоқтата тұруға;

14) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң сақталуын тексеру мақсатында объектiлерге кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету;

15) эпидемиологиялық көрсеткіштерге және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары лауазымды адамдарының бұйрықтары мен қаулыларына сәйкес өз қаражаты есебінен дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізуге міндетті.

92-бап. Пациенттің міндеттері

1. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мiндеттемелермен қатар пациенттер:

1) денсаулығын сақтау және жақсарту бойынша шаралар қабылдауға;

2) медицина қызметкерлерімен өзара қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік танытуға;

3) барлық қажетті ақпаратты дәрігерге хабарлау.