Емдік тамақтану қызметі
Емдік тамақтану – пациенттің ағзасын жетіспейтін витаминдер мен микроэлементтермен толықтыруға, сондай-ақ, аурудың пайда болу механизміне әсер етуге бағытталған, дұрыс таңдап алынған және дайындалған тамақ арқылы емдеу тәсілі. Ауруларды емдеудің басқа тәсілдерімен бірге белгілі бір диеталар арқылы емдік тамақтану пациенттерді тез сауығуға алып келеді. Көп жағдайда емдік тамақтану аурулардың асқынуы мен үдеуінің алдына ала отырып, терапияның әр түрлерінің әрекетін күшейте түседі. Кейде емдік тамақтану емдеудің жалғыз тәсілі (мысалы, жекелеген тағамдық заттарды қорытудың тұқым қуалаушылық бұзылушылықтары кезінде) немесе негізгі тәсілдердің бірі болып табылады, мысалы, ас қорыту органдары, бүйрек, қант диабеті мен семіздік ауруларында.
Емдік тамақтануды ұйымдастыру қызметі «Орталық клиникалық аурухана» АҚ құрылымдық-функционалдық бөлімшесі болып табылады және клиникадағы стационарлық ем қабылдаушы науқастардың емдік тамақтануын ұйымдастыруға арналған. Клиникада тамақтануға ерекше мән беріледі, өйткені дәрілік терапия емдік тамақтанумен қоса жүреді, соның арқасында сауығу үдерісі жылдам жүреді, науқастың диетаға бейімделуі жүреді, егер қандай да бір созылмалы аурулар болса, ол оны әрі қарай ұстануы тиіс.
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-нда емдік тамақтану ерекшеліктері дегеніміз тек қана қолда бар стандартты диеталарды қолдану емес. Мұнда белоктық-энергетикалық жетіспеушілігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, тамақты көтере алмайтын науқастарға, әр түрлі қосарлас аурулары бар науқастарға жеке-жеке көзқараспен қарайды. Аурудың сипатына және пациенттің жалпы жағдайына қарай тамақтанудың дұрыс режимі таңдап алынады. Диеталық тағамдар дайындау барысында пайдаланылатын тағамдардың сапасына жоғары талаптар қойылады, өнімі біздің клиникамыз үшін жеке өндірілетін өндіруші заводтармен жұмыстар жүргізіледі.
Тек Қазақстан Республикасында емес, одан тысқары жерлерде де әр түрлі клиникаларда қолданылатын емдеу диеталары мен олардың практикасының мониторингі жүргізіледі, өйткені біздің клиника пациенттеріміздің игілігі үшін жұмыс істейтін жаңа технологиялар үшін әрдайым ашық.
Бөлімше меңгерушісі
Қойшанбаева Назгүл Мұратқызы – жоғары санатты диетолог, MBA-Іскерлік әкімшілік магистрі