Анестезиология бөлімшесі
Рейнгольд Николай Александрович
Бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер
Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі
Реанимация бөлімшесінде кезек күттірмейтін аурулары бар науқастарға кәсіби интенсивті терапия көрсетіледі:
жүрек-қан тамырлары жүйесі (тұрақсыз стенокардия, асқынған миокард инфарктісі, жүректің ырғағы мен сезгіштігінің қатерлі пароксизмалдық бұзылушылықтары);
асқынулары бар жүректің ишемиялық ауруы; асқынулары бар гипертониялық криз;
орталық жүйке жүйесі (мидың қан айналымының асқынған бұзылушылықтары);
хирургиядағы кезек күттірмейтін жағдайлар (кардиохирургия, нейрохирургия, урология, гинекология, онкология және т.б.);
терапиялық бейіндегі аурулар.
Науқастар жағдайы тұрақталғанға дейін ем қабылдайды және келесі кезекте аурухананың бейінді бөлімшелеріне ауыстырылады. РжИТ бөлімшесіне келіп түскен барлық науқастарға көп қызметті кардиомониторлармен ағзаның өмірлік маңызды функцияларын мониторингілеу, бейнебақылау жүргізіледі.
Біздің артықшылықтарымыз:
Совмин ауруханасы өз пациенттерінің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді.
Сізге Еуропалық профессорлармен телеконсультациялар жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, американдық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM сыныпты жабдықтарымен жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің дәйектілігі мен жеделдігі бойынша жетекші болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көп салалы зертханаларында жасалады.
Зертхана қызметкерлері алыс және жақын шетелдердің (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) ең мықты клиникаларында оқып, маманданудан өтіп келген.
Анестезиология, реанимация және гиперболиялық оксигенациямен интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі
Рейнгольд Николай Александрович - жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі