Басты бет«Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері»

«Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері»

«Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері» «Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері»
 

2019 жылғы 1 қарашада Өзбекстан Республикасында (Ташкент қ.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантаевич Біртановтың және Үкімет өкілдерінің қатысуымен Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері басталды.

Форумда «ОКА» АҚ-ның нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылкы Бердиходжаев «Ауыр жағдайдағы пациенттерді ОКА» АҚ нейрохирургия орталығында емдеу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Бұл іс-шара аясында қазақстан медицинасының жетістіктерінің көрмесі де өткізілуде. Бұл іс-шараға бүкіл Өзбекстан Республикасындағы практикалық дәрігерлер және медицина қауымдастығы Қазақстан клиникаларының мүмкіндіктерімен танысу үшін жиналды. Қатысушылар ҚР денсаулық сақтаудағы реформалармен, инновациялармен және жаңа жоғары технологиялы медициналық қызметтермен таныстырылды. Диалог жүргізу алаңдары медициналық туризмді дамыту, әсересе, нейрохирургия, кардиохирургия және т.б саладағы мәселелерді талқылауға шақырады.