
Ұлттық госпитальға Оңтүстік Кореядан Soon Chun Hyang University (Сун Чон Хян) жетекші клиника желісінің өкілдерінен дәрігерлер делегациясы келді. Сун Чон Хян клиникасына ай сайын түрлі мемлекеттерден шамамен 800 науқас емделуге келеді. Олардың арасында 300-ден аса Қазақстандықтар бар.
Ұлттық госпиталь дәрігерлері Пучхон қаласынан келген қонақтарда қуана қарсы алды. Бұл корей мамандарының Алматыға алғашқы сапары емес. Отандық медицина мамандары да Оңтүстік Кореяда стажировкан өткен. Ал Ұлттық госпитальдің эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Ғалия Қалижанова Сун Чон Хян клиникасының құрметті профессоры. Ол Кореядағы ең танымал 10 медициналық мекемелерінің қатарында.
Профессор, нейрохирург Им Су Бин, профессор Ким Хен Чель және делегация мүшелері госпиталь бөлімдерін аралады. Омыртқа нейрохирургиясы бойынша дәрігерлерге дәріс оқыды.
- Университет пен Soon Chun Hyang University клиникаларымен тығыз байланыс он жылдан бері жалғасып келе жатыр. Қазақстандық мамандарды да Кореяда ерекше ықыласпен қарсы алады. Олапға барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, көрсетеді. Ал екі жыл бұрын Ұлттық госпиталь мен университет бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды- дейді жоғары санатты онкохирург, онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Естай Абзалбек. - Тәжірибе жинау үшін өз қазанымызда қайнап жүруге болмайды, корей дәрігерлерінің, басқа елдердің мамандарының жетістіктерін көріп, үйренуіміз керек. Клиника Оңтүстік Кореядағы ең жақсы емдеу орындарының бірі. Дәрігерлері білімді, тәжірибелі. Оны игергеннен кейін біз де корей дәрігерлерімен бір деңгейде болуымыз керек. Бұл потенциалды апгрейд, дамуымыз үшін өте маңызды.