Басты бетДостық, сүйіспеншілікпен бейбіт өмір сүріңіздер!

Достық, сүйіспеншілікпен бейбіт өмір сүріңіздер!

Достық,  сүйіспеншілікпен бейбіт өмір сүріңіздер!

29 маусымда  Ұлы Отан соғысының ардагері Алматылық Екатерина Александровна Баранова жүз жасқа толады. 99 жастағы кейуана: қан қысымым ғарышкердікіндей, егер аяғым дұрыс жүрсе, серуендеуге шығар едім дейді жымиып.

Ұлттық госпитальдің емханасының дәрігерлері осында 39 жыл медбике болып жұмыс істеген майдангер Екатерина Александровнаның қан қысымын, жүрек қағысын өлшеп,  жай-күйін қадағалап, қажет болса үйде стационарлық ем жасайды Жеңіс күні қарсңында бұрынғы әріптестері зейнеткерді қонаққа шақырып,  азық-түлік себетін сыйлады.

- Осындайда бірден көңіл-күйім көтеріледі, өзімді жақсы сезінемін, рақымет -дейді зейнеткер.

Екатерина Александровна 1925 жылы Белгород облысында дүниеге келген. 1943 жылы медбике ретінде әскерге шақырылған.  Соғыста майдандастарымен бірге Курск қаласынан Дрезденге дейін жеткен.

- Жарақат алған жоқпын, Алла сақтады. Басқаларға көмектестім, жауған оққа қарамастан жараланғандарды аман алып қалдым.  Ер азаматтарды иығыма көтеріп, тасыдым. Қиын болды, бірақ біз не үшін соғысып жатқанымызды білдік, - деп әңгімесін айтты соғыс ардагері.

Дрезденде Екатерина Баранова өзінің болашақ жұбайын кездестірді.  Алматылық Николай Васильевич Ануфриев соғыстың алғашқы күнінен бастап қатысып, Германияға дейін жеткен. Мұнда госпитальдер базасында кеңес сарбаздары мен офицерлеріне демалыс үйлері ашылған болатын. Осында Ануфриев емделуге жіберілген. Кейін жас жұбайлар Алматыға, Николай Васильевичтің туыстары тұратын жерге көшіпті. Осында олардың Александр атты ұлы дүниеге келді. Бірнеше жылдан кейін Екатерина Александровнаның жұбайы қайтыс болды. Ұзақ жылдар бойы зейнеткер медбике болып жұмыс істеген. Қазір Татьяна мен Андрей атты немерелерін тәрбиелеп отыр. Ол екінші рет шекара офицеріне тұрмысқа шығыпты. Үнемі өте белсенді болып,  қалалық шараларға қатысты. Билеп, ән салды. Ұзақ өмір сүрудің сыры неде деген сауалға

- Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, ешкімді ренжітпеу, бір-біріңізбен тату болу. Біз тамаша елде тұрып, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Мұны сендерге мацдангерлер Катя әжей  сияқты аналар сыйлаған. Сондықан бейбітшілікті сақтаңыздар, - деп зейнеткер ақ тілегін айтты.