Сабырлық - адам өміріндегі маңызды күй, әсіресе, қажет жағдайларда: жұмыста, оқуда, жеке өмірді жоспарлауда және маңызды сөйлесуде. Бүгін біз сабыр сақтауға көмектесетін бірнеше кеңес бергіміз келеді.
⠀
🧘 Сіз барынша сабырлы болған кездегі күйіңізді есте сақтап алыңыз. Қиналған кезде соны қайта-қайта ойлаңыз. Нені көрдіңіз, естідіңіз, қандай сезімде болғаныңызды есіңізге түсіріңіз. Бұл неткен тамаша сезім екенін ойлаңыз.
⠀
🧘 Өзіңізді қобалжытпаңыз, қандай қиын жағдай болмасын, дұрыс ойлауға тырысыңыз. Басқа нәрсені ойлаңыз.
⠀
🧘 Әрине, адам толығымен ешқандай эмоциясыз өмір сүре алмайды, алайда тек эмоциялармен ғана өмір сүруге болмайды. Эмоцияларды ақыл-ойыңыз басқарсын.
⠀
🧘 Жан-жақты тұлға болуға тырысыңыз. Бұл өміріңізді тек бір ғана қажеттіліктер мен құштарлықтарға бағынышты етпеуі қажет.
⠀
🧘 Физикалық белсенділікпен айналысыңыз. Артық энергияңызды шығаратын тәсіл болсын. Физикалық белсенділік психиканы нығайтып қана қоймайды, денеңізді де шынықтырады.
