26 маусым – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні
1987 жылы 26 маусымда Нашақорлық және есірткі бизесіне қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр баяндама жасады, ал БҰҰ Бас Ассамблеясы өз резолюциясында жыл сайын 26 маусымды есірткі құралдарын пайдалану және олардың заңсыз айналысына қарсы халықаралық күрес күні ретінде атап өтуге қаулы қабылдады (International Day Against Drug Abuse and Illicit Trafficking), Сонымен қатар, халықаралық қауымдастық нашақорлық жаһандық мәселе екенін және барлық әлем күшін біріктіруді қажет ететінін атап көрсетті.
Нашақорлық мәселесі – бұл қазіргі заманның аса күрделі де қиын мәселесі, бұл барлық әлем халқының денсаулығына қауіп туғызады, жаһандық қатер болып отыр. Әлемде есірткі құрбандары миллиондап саналады.
Галлюцинация әсері бар шөптерді пайдалану тарихы мыңдаған жылдардан бері бар. Алғашында олар діни және медициналық мақсатта пайдаланылған, одан кейін бизес құралына айналып, барлық контингенттегі барлық халыққа таралып кетті. Әлемде есірткінің таралуына қарсы күрес 100 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. ХVІІІ ғасырда Қытай мен Британия арасында Апиын соғысы деп аталып кеткен екі соғыс болды. 1909 жылы ақпанда Шанхайда апиын комиссиясы жұмыс жүргізді, оның отырысына 13 ел қатысты, мақсаты есірткі құралдарын әкелуді шектеу болды. Бірақ осы күнге дейін есірткінің таралауы және пайдалануы аса маңызды әрі көкейтесті мәселе болып отыр.
Есірткіні және психобелсенді заттарды теріс пайдалану адам ағзасына ауыр зардабын тигізеді. Бірде-бір зиянсыз немесе зияны аз есірткі құралдары жоқ. Олардың барлығы психикалық және табиғи тәуелділікке алып келеді, иммундық жүйені бұзады, агрессия тудырады, адамның барлық органдары мен жүйесін зақымдайды. Ең алдымен есірткінің зардабы жасөспірімдер мен жастарға тиеді.
Есіркіні пайдалану және оның заңсыз айналысына қарсы халықаралық күні қарсаңында әлемнің барлық елдерінде есірткінің зияны және оны пайдаланудың зардабы туралы халықты, әсіресе жастарды хабардар етуге және саламатты өмір салтын насихаттауға, адамзатқа нашақорлықтың қандай қауіп әкелетінін ескертуге бағытталған іс-шаралар мен акциялар жүргізіледі.