Дүниежүзілік аллергиямен курес күні букіл әлемде 8 шілдеде атап өтіледі.
Аллергия жер бетіндегі ең көп таралған аурулардың бірі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ( ДДҰ ) статистиқалық деректеріне сәйкес біздің ғаламшар халқының шамамен 40 пайыз аллергиямен зардап шегеді.
Аллергия- аллергендер деп аталатын қоршаған ортаның кейбір факторларының ( химиялық, заттар , микробтар және олардың тіршілік етуі өнімдері, азық-түлік өнімдері және тб.) әсеріне ағзаның жоғары сезімталдығы. Ең көп таралған аллергендер; өсімдік тозаңы, азық-түлік, шаң кенелері, жәндіктердің уы, зең, тұрмыстық- химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, жануарлар және олардың тіршілік ету өнімдері, өнеркәсіптік түрлері.
Дүниежүзілік күннің мақсаты; аллергияның алдын алу шаралары мен белгілері туралы халықты ақпараттандыру. Алдын алу шаралары симптомдарды жеңілдетуге және аллергиянық реакциялардың салдарын болдырмауға көмектеседі.