Covid-19 жеңіл түрі кезіндегі іс-қимылдар.
Covid-19 жұқтырып алған адамдардың 80% ешқандай симптомдарды білдіртпейтіндігін немесе Covid-19 жеңіл түрде ауыратындығын есте сақтаңыз.
Коронавирус инфекциясымен жеңіл түрде ауру - мынаны білдіреді:
✔️ денеңіздің қызуы 39° аспайды;
✔️ деміңіз қысылмайды (пәтер/үй ішінде жүре аласыз, душ қабылдай аласыз, дәретханаға бара аласыз және басқасы)
✔️ ентікпе мен жөтел сізге сөйлесуге кедергі келтірмейді;
✔️ басқа симптомдар: бас ауруы, құрғақ жөтел, тамақ ауруы, бұлшық ет пен сүйек сырқырауы, иіс және дәм сезу қабілетінен айырылу, іш өту — болуы мүмкін, кей кезде болмай қалуы да мүмкін.
Егер симптомдар жеңіл болса, төмендегі ортақ ұсынымдарды ұстану қажет:
1 Өзге адамдарға жұқтырмас үшін өз-өзін оқшаулау.
2 Емханаға қоңырау шалып, учаскелік дәрігерге өз симптомдарыңыз жайлы хабарлаңыз.
3 Молынан жылы су ішу - күніне 2-3 литр.
4 Тыныс алу жаттығулары - күніне 2-3 рет.
5 Физикалық белсенділік.
6 Толыққанды ұйқы.
7 Үйлестірілген тағам.
8 Д3 дәруменін қабылдау.
9 Бір минутта жасалатын тыныс алу қозғалыстарының жиілігін (ТҚЖ) бақылау.
10 Температураны бақылау - күніне 2-3 рет.
11 Тамырдың соғуын бақылау - күніне 2-3 рет.
12 Симптомдар күнделігі.
Үйде оқшауланып қала беріңіз және деніңіз сау болсын!
Қазақстанның отбасы дәрігерлері қауымдастығының жадынамасынан алынған ақпарат.