Құрметті жазылушылар бүгін несеп-тас ауруын болдырмау туралы кеңестерді жоғары сыныпты дәрігер, м.ғ.к., денсаулық сақтау жүйесінің үздігі Алибек Ибрагимович Искаков баяндап береді.⠀
Несеп-тас ауруы кезінде үйде өз-өзін емдеумен айналысуға мүлдем болмайды.
Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу қажет».
✔️Жеткілікті болатындай су ішу.
Бүйректе тастардың пайда болу тәуекелі бір тәулікте жеткілікті болатындай су көлемін ішпейтін адамдардың арасында екі есе жоғары болады;⠀
✔️Тұз бен қантты азайтып, көбірек көкөністер мен жеміс-жидектерді жеу қажет.
Бір тәулікте рұқсат етілетін - 5 грамм, бұл шамамен 1 шәй қасығы.⠀
✔️Лимон жеңіз.
Лимон шырыны қосылған су несепте лимон қышқылы көлемінің ұлғаюына ықпалдасады. Лимон қышқылы кальцийге қымыздық қышқылы бар ерімейтін тұзға айналып кетуіне жол бермейді.
✔️Темекі шегуден бас тартыңыз.
Темекі бүкіл денеде, оның ішінде бүйректе де қан ағымының азаю себептерінің бірі болып табылады. Бүйрекке қан аз барған сайын - соғұрлым олар нашар жұмыс істей бастайды.⠀
✔️Спортпен айналысыңыз.
Физикалық жүктеме күре тамыр қысымын қалыпты күйге келтіруге, бүйректегі қанның микроциркуляциясын жақсартуға және бүйректің созылмалы ауру қаупін азайтуға көмектеседі.