Адамның ауырып жазылғанын және басқалар үшін жұқпалы болмайтындығын қалай түсінуге болады?
Сырқат толығымен симптомсыз өткен жағдайда өз-өзін кем дегенде 2 аптаға оқшаулау ұсынылған, егер осы уақытта сырқаттың симптомдары асқынбаса, оқшаулаудан шығуға болады деп есептеледі, бірақ үй-жайларда бетперделерді тағу, қолды жиі-жиі жуып тұру және әлеуметтік қашықтықты ұстану жөніндегі ұсынымдар бұдан былай да сақталуы тиіс.⠀
Егер пациентте COVID-19 симптомдары асқынып кетсе, оқшаулауды БАРЛЫҚ симптомдар толық кеткеннен кейін +8 күн - жоғарыда аталған ұсынымдарды сақтай отырып тоқтату қажет.
Орта есеппен COVID ауруы жас және дені сау адамдарда 2 аптада аяқталады. Адамның иммунитеті жақсы болса, ағза вирусты жойып, ол қоршағандар үшін жұқпалы ауруы бар адам ретінде болуын тоқтатады. Алайда, сырқат ауыр болғанда, 65-70 жастан асқан адамда вирус кідіріп қалады, ол 14 күннен астам мерзімге жұқпалы ауруы бар адам болып қала береді. Сырқат басталғалы бері 2-4 ай өткеннен кейін оң ПЦР тесттердің анықталған жағдайлары сипатталған. Мүмкіндік болса, карантиннен шығуға асығудың қажеті жоқ. Өкінішке орай, көңіл-күй әрдайым көрсеткіш бола бермейді. Адамдар өздерін толығымен сау сезіне алады, бірақ вирусты таратушылар болып табылуы мүмкін.