Басты бетКоронавирус инфекциясы түрлі формада

Коронавирус инфекциясы түрлі формада

Коронавирус инфекциясы түрлі формада болуы мүмкін және өкпе әрдайым зақымдана бермейді. Ауру тіпті симптомдарсыз да болуы мүмкін, яғни коронавирусқа арналған тест нәтижесі оң болғанда адам ешқандай симптомдарды сезбейді және мұндай тасымалдаушыны зерттеу кезінде оның ағзасында ешқандай өзгерістер анықталмайды. Мұндай хал симптомсыз тасымалдау деп аталады.

Симптомдар болған кезде аурудың келесі түрлері болады:⠀

Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі;

Жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайтын коронавирус инфекциясы (ринит, фарингит);

Төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын коронавирус инфекциясы (пневмония);

Өкпеден тыс зақымдаулармен бірге коронавирус инфекциясы.

Соңғы нұсқада өкпенің зақымдануы байқалады. Көптеген пациенттерде ауру өкпені зақымдамастан өтеді.