Басты бетV халықаралық пікірталас нейрокурсы

V халықаралық пікірталас нейрокурсы

V халықаралық пікірталас нейрокурсы
V халықаралық пікірталас нейрокурсы. «Тандемді және созылған стеноздар мен күрделі аневризмалардың эндоваскулярлық нейрохирургиясы. Функционалдық нейрохирургия». Тәжрибелік курс: «Тандем және созылған стеноздар мен күрделі аневризмалардың эндоваскулярлық нейрохирургиясы». 2020 жыл 17-18 желтоқсанда «ОКА» АҚ Нейрохирургия орталығының базасында кезекті нейрокурс өтті. Қалыптасқан жағдайларға байланысты, COVID-19 пандемиясымен күрес жағдайында, осы жылы әрқашан офлайн және онлайн өткен бұл іс-шара тек ONLINE режимде өтті. Онлайн нейрокурсқа екі күнде 800-ден астам қатысушы қамтылды. 4 көрсетілімдік операция өткізіліп, олар ағылшын және орыс тілдерінде операцияларды жүргізу техникасын түсіндіре отырып, тікелей эфирде көрсетілді. Phillips Azurion 7 жаңа биплан ангиографиялық жүйесі, Richard Wolt супер заманауи эндоскопиялық жүйесі, операциялық микроскоп пайдаланылған. Тікелей эфирде балалар, функционалдық, жұлын, эндоваскулярлық нейрохирургия және инсульт мәселелері талқыланды. Сондай-ақ онлайн курста қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар өзекті баяндамалар жасады. Тыңдаушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген нейрохирург, невролог, радиолог, интервенциялық кардиолог және тамыр хирургтары болды.