
Бұл аяқ артерияларының ішкі жағында холестериннің жиналуына және холестерин түйіндерінің түзілуіне алып келетін созылмалы ауру.
Атеросклероз қан тамырларының серпімділігінің төмендеуіне және олардың тарылуына себеп болады. Соның салдарынан аяқтарда қан айналымы бұзылып, тіндеріне оттегі мен қоректік заттардың жетуі азаяды. Ол ауыр асқынуларға — тіпті гангрена мен аяқтың ампутациясына дейін әкелуі мүмкін. Орта есеппен алғанда, 45 жасқа келген әрбір екінші ер адамда, ал 55-тен асқан әрбір екінші әйелдің күретамырларында түйіндер анықталады.
Аурудың түрлері
Артерия зақымдануының сипатына байланысты болатын патологиялар:
Тамыр тарылуынсыз атеросклероз – қан айналымына кедергі келтірмейтін тамыр қабырғаларындағы өзгерістер, стеноздаушы атеросклероз – артерия саңылауының тарылуы, облитерациялаушы атеросклероз – артерияның айтарлықтай тарылуы немесе толық бітелуі, нәтижесінде тіндердің некрозы дамиды.
Аяқ артерияларының атеросклерозының қауіп факторлары:
Темекі шегу – басты қауіп факторларының бірі. Қандағы холестерин мен триглицерид деңгейінің жоғары болуы, қант диабеті, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі,артериялық гипертония,төмен физикалық белсенділік, артық салмақ және дұрыс тамақтанбау, 50 жастан асқан жас ер жынысты адамдарда кездесесуі, тұқым қуалайтын бейімділік, созылмалы стресс пен эмоционалдық жүктеме.
Атеросклероздың алдын алу және асқынуларды болдырмау шаралары:
Темекіні толығымен тастау — ең маңызды және алғашқы қадам! Қан қысымын бақылау: 140/85 мм сын. бағ. жоғары болмауы тиіс, қандағы қант деңгейін бақылау: аш қарынға глюкоза 3,9 – 5,8 ммоль/л болуы тиіс, холестеринді төмендету: дұрыс тамақтану және/немесе дәрі-дәрмек арқылы, қандағы жалпы холестерин деңгейі – 3,5–5,1 ммоль/л болуы керек,тұрақты дене белсенділігі: күніне кемінде 30 минут. Ең пайдалысы күнделікті жаяу жүру. Бұл аяқтың қан айналымын жақсартады. Дұрыс тамақтану: майларды азайту, көкөністер, балық және талшыққа бай тағамдарды көбейту.
Дәрігерге тұрақты профилактикалық тексерілу, мұны әсіресе созылмалы аурулары немесе тұқым қуалаушылық факторы бар адамдар ескергені жөн. Атеросклероз диагнозы қойылған жағдайда дәрігер мен қан тамыр хирургі ұсынған емді қатаң сақтау қажет!