Дене белсенділігінің пайдасы
Дене шынықтырудың пайдасы туралы Орталық клиникалық аурухананың жоғары санатты реабилитологы – Сармсақова Айдын Сарабайқызы айтып береді.
Тұрақты физикалық белсенділік жүрек ауруы, инсульт, қант диабеті және кейбір қатерлі ісік сияқты жұқпалы емес аурулардың алдын алуға және емдеуге көмектесетіні дәлелденді. Ол сондай-ақ гипертонияның алдын алуға, дене салмағын сақтауға көмектеседі және психикалық денсаулықты, өмір сапасын және әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.
Жақсы физикалық пішінді сақтау үшін аптасына кемінде үш рет денені оттегімен қамтамасыз етуді жақсартатын 20-30 минут белсенді физикалық жаттығулар және аптасына кемінде 2 рет бұлшықеттерді күшейтетін жаттығулар жеткілікті.
Дене шынықтыру жаттығуларын бастамас бұрын, егер сізде омыртқа, буындар, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің созылмалы аурулары болса - дәрігермен кеңесіңіз!
18 жастан 65 жасқа дейін
Бұл жас тобы ауру қаупін азайту үшін аэробты жаттығулар мен күш жаттығуларына назар аударуы керек.
65 жастан асқан
Тепе-теңдікті, үйлестіруді және икемділікті жақсартуға арналған жаттығулар әсіресе егде жастағы адамдар үшін маңызды.
Мамандардың ұсыныстарын орындаңыз және сау болыңыз!