
Жуырда Қазақстанда мейірбикелерге науқастарды қабылдап, бастапқы диагноз қоюға рұқсат берілді. Дәрігердің кейбір функцияларын мейірбикеге тапсыру - дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азайту және жоғары білім алған мейірбикелердің кәсіби дағдыларын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Алайда, көп тәжірибелі мейірбикелер бұл жұмыстарды бұған дейін де істеп жүрген. Солардың бірі - Ұлттық госпитальдің ақылы бөлімінде жұмыс істейтін мейірбике Эльвира Избакиева.
Ол ауруханада отыз жылға жуық уақыттан бер і жұмыс істеп келеді. Бірнеше жыл нотариус саласына кеткен еді себебі, мейірбикелік білімінен бөлек, жоғары заңгерлік білім де алған. Кейін қайта оралды.
- Нотариуста бәрі біркелкі: құжат, қол қою, кадастр нөмірін ауыстыру сияқты жұмыстар. Жұмыс жүрегіңмен емес, қағазбен жүреді. Кейде ар-ожданға да сәйкес келмейтін жағдайлар болатын. Ал мен науқастардан алатын шынайы ықылас пен мейірімділікті сағындым. Сол үшін қайта оралдым. Еш өкінбеймін. Қазір күн сайын адамдарға қажет екенімді сезінемін. Ауырған жандарға көмектесіп, олардың көзінен алғыс көргенде, бұл мамандықтың шын мәнінде қадірлі екенін түсінесің.
Қазір Эльвира Избакиева екінші жоғары білім алып жатыр. Енді ол тек көмекші емес, дәрігерлердің кейбір қызметін өзі де атқарғысы келеді.