Басты бетОфтальмологтар емтиханды «5»-ке тапсырды

Офтальмологтар емтиханды «5»-ке тапсырды

Офтальмологтар емтиханды «5»-ке тапсырды

Біздің госпитальдің офтальмология бөлімінің дәрігерлері бір ай  заманауи OS 4 құрылғысымен  жұмыс істеп көрді.

Бұл аппаратты Швейцарияның «Oertli» компаниясы жасаған. Ол көзге жасалатын  операцияларға  арналған. Құрылғының ерекшелігі  үш түрлі сорғы жүйесі, өте дәл жұмыс істеуге көмектесетін SPEEPMode режимі, тұрақты камерасы  және  жарықдиодты  жарығы.

OS 4 дәрігердің іс-қимылына дәл үйлесіп, жоғары деңгейдегі ыңғайлылық береді. Қондырғы катаракта, глаукома және басқа да көз ауруларын емдеуге  қолданылады.

«Oertli» компаниясының  мамандары  арнайы келіп, біздің  дәрігерлердің  жаңа жүйемен қалай жұмыс істейтінін бақылады. Офтальмологтар бірнеше катаракта операциясын  сәтті өткізіп,  жоғары  баға алды.

Енді осындай заманауи құрылғымен жасалатын оталар  тұрақты түрде өткізіліп отырады.