Басты бетЖедел ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары

Жедел ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары

Жедел ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары Жедел ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары: • Жеке бас гигиенасын сақтау, тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуу; • Су мен сүтті қайнағаннан кейін ғана ішіңіз; • Кездейсоқ адамдардан тамақ (соның ішінде сүт) сатып алмаңыз; • Жаңа піскен көкөністерді жеу алдында жақсылап жуып, қайнаған сумен құйып алу керек; • Тағамдарыңызға термиялық өңдеуден өткен тағамдарды таңдаңыз. Тамақты, әсіресе етті, құс етін, жұмыртқаны және теңіз өнімдерін жақсылап қуырыңыз (қайнатыңыз). Азық-түлікті тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз; • Тез бұзылатын тағамдарды тек салқын жерде сақтаңыз; • Шикі тағамды өңдеу үшін бөлек ас үй ыдыстары мен пышақ және кесу тақтасы сияқты ыдыстарды пайдаланыңыз. Шикі тағамдарды дайын тағамдардан бөлек сақтаңыз; • Үйіңіздің, аулаңыздың тазалығын қадағалаңыз. • Жедел ішек инфекциясының белгілері пайда болған жағдайда (қызба, құсу, нәжістің бұзылуы, іштің ауыруы) дереу медициналық көмекке жүгініңіз.