
Терінің қатерлі ісіктері – әлемдегі ең көп таралған онкологиялық аурулардың қатарына жатады. ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1,5 миллионнан аса тері ісігі тіркеледі. Испанияның дерматология және венерология академиясының мәліметтері бойынша соңғы жылдары жастар арасында меланома ауруы шамамен 10%-ға өскен. Басты себептердің бірі – профилактиклық шаралардың жасалмауы және уақытында дәрігерге қаралмау. Бұл жайлы Ұлттық госпитальдің онколог дәргері Нұрбол Аязбаев төмендегідей ақрапат берді.
- Терінің қатерлі ісіктері «көрінетін» ауру түрі. Оларды көзбен көруге немесе дерматоскоп сияқты медициналық құралдардың көмегімен анықтауға болады. Ісік неғұрлым ертерек анықталса, сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Тері ісігінің негізгі түрлеріне келсек, меланома - қатерлі ісіктің ең агрессивті түрі. Ол жылдам өсуімен және ерте метастазбен ерекшеленеді. Базалиома - терінің базальды жасушаларының ісігі. Көбінесе бұл түйінге немесе нүктеге ұқсайды, ол біртіндеп жазылмайтын жараға айналады және қан кетеді. Көбінесе ол бет, бас пен мойында көрінеді. Ол сирек метастаз беретіндіктен төмен агрессивті болып саналады, бірақ емделмеген жағдайда қоршаған тіндерді бұзады. Скамозды жасушалы терінің қатерлі ісігі - көбінесе үйкелген немесе жарақат алған жерлерде пайда болады. Саңырауқұлаққа немесе «гүлді қырыққабатқа» ұқсайды. Бұл түрі қан кетуге және тез метастазға бейім-дейді онколог-дәрігер.
Терідегі күдікті өзгерістерді қалай байқаймыз? Ол дененің кез келген бөлігінде пайда болады. Бет, арқа, аяқ-қолдар. Ісіктердің әрбір түрінің бірте-бірте өзгеретін ерекшеліктері бар. Егер сізде немесе сіздің балаңызда бұрын болмаған жаңа мең немесе дақ пайда болса, мең қыши бастаса, ауырса, қан кете бастаса немесе қабыршақтанып, айналасында қызару болса дәрігерге жүгіну керек.
Тері қатерлі ісігінің алдын алу үшін қарапайым қағидаларды ескерген жөн. Жазда сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі күн сәулесінің әсерінен қорғаныңыз, SPF 30-50 және одан жоғары күннен қорғайтын жақпа майларды қолданып, әр 2 сағат сайын жағыңыз, бас киім мен ұзын жеңді киім киіңіз, ешқашан ультракүлгін сәулесі бар солярийге бармаңыз, теріңізді қорғаңыз-дейді онколог Аязбаев.