Басты бетСовминкада жаңа рентген аппараты орнатылды

Совминкада жаңа рентген аппараты орнатылды

Совминкада жаңа рентген аппараты орнатылды «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ-да Германияда жасалған жаңа Roesys X-Twin рентген аппаратының тұсаукесері өтті. Бұл қондырғы немістің ең озық рентген аппараттарының бірі болып табылады. Ол рентгенографиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғының артықшылықтары: зерттеу кезіндегі сәулеленудің минималды дозасы, кескіндердің өте жоғары анықтығы, дененің әртүрлі бөліктерін сканерлеу мүмкіндігі. Құрылғы пневмонияны диагностикалауға және өкпенің зақымдалуын бағалауға қабілетті. Оның сезімталдығы сандық рентгенографиядан асып түседі және компьютерлік томографияға жақын.