
ҚР Президентінің іс басқармасында «Ұлт өркениеті. Абай және А.Байтұрсынұлы» атты семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасына қарасты 60-қа жуық ведомстволық ұйым қатысқан шара барысында ҚР Президентінің іс басқармасы жүйесінде адал қызмет етіп, мемлекеттік тілді дамытуға зор үлес қосқаны үшін Ұлттық госпитальдің Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Жақсылыққызы Өтен «Алғыс хатпен» марапатталды.
Осы салада 15 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан Айгүл Жақсылыққызы 30-дан аса ғылыми мақаланың авторы. Отандық және шетелдік басылымдарда мақалалары жарияланып тұратын тіл маманы түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен форумдарға қатысып, баяндама жасап отырады.