ЖҰЛДЫЗДАР ТОБЫ
Бүгін біз ауруханамыздың меңгерушілерін зейнеткерлік демалысқа шығарып саламыз:
Гульшахара Даирбековна Спатаева – 2-соматика бөлімшесінің меңгерушісі,
Бижамал Джакановна Карибаева – пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы,
Жанат Нуртлеуович Ажибаев - операциялық блоктың меңгерушісі,
Алибек Ибрагимович Искаков – уронефрология бөлімшесінің меңгерушісі,
Людмила Николаевна Казарина – 1-терапия бөлімшесінің меңгерушісі,
Элеонора Константиновна Старцева – аллергологиялық төсектері бар күндізгі стационар 2 бөлімшесінің меңгерушісі,
Людмила Константиновна Свечникова - кір жуу бөлімшесінің меңгерушісі.
СОВМИН ұжымы әріптестерді зейнетке шығуымен құттықтады!
Алайда, зейнетке шыққанына қарамастан тәжірибелі мамандар СОВМИННІҢ ұйымшыл және тату командасының бір бөлігі болып қала береді. Хирургия жөніндегі вице-президент Данияр Аманғалиев айтқандай, бұл нағыз жұлдыздар тобы, олардың әрқайсысы тәжірибесімен ұжымды толықтырды және аурухананың дамуына өз үлестерін қосты.
Егер медицинаны авиациямен салыстырсақ, онда ұшқыш жас, ал механик тәжірибелі болуы тиіс, біз де осындай маңызды орын ауыстырулар болды.
Меңгерушілер өз кезегінде ұжымға жылы лебіздерін білдірді.
Менің еңбек өтілім 45 жыл, оның 14 жылын СОВМИНДЕ жұмыс істедім, осы ұжымда жұмыс істегеніме қуанамын, себебі Алматы үшін өзекті мәселе болып отырған аллергия бөлімшесінің дамуына үлесімді қостым. Жұмысым – өмірім болды, бұған мен қуанамын. Мен бақыттымын, денсаулығым мықты, куш қуатым бар, себебі менің жұмысым маған тек жақсы көңіл-күй, алғыс әкелді, - деді Элеонора Старцева.
Артымызда ұзақ еңбек жолы және мыңдаған құтқарылған пациенттер. Меңгерушілердің көрегенді басшылығымен кәсіби жаңа ұрпақ жетілді, олар да бөлімше басқарып, орын ауыстырып отыр. Бұл дегеніміз – алда талай жаңа жетістіктер мен жеңістердің барын білдіреді.