Басты бетПрофессор Абдужаппар Ғайыповтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің зерттеуші жас ғалымдары...

Профессор Абдужаппар Ғайыповтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің зерттеуші жас ғалымдары және ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің нейрохирургтары бірлесіп жүргізген ғылыми еңбектің нәтижелері жарық көрді

Профессор Абдужаппар Ғайыповтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің зерттеуші жас ғалымдары және ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің нейрохирургтары бірлесіп жүргізген ғылыми еңбектің нәтижелері жарық көрді

Профессор Абдужаппар Ғайыповтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің зерттеуші жас ғалымдары және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің нейрохирургтары бірлесіп жүргізген ғылыми еңбектің нәтижелері жарық көрді.

Зерттеу тақырыбы:

“The Incidence, Mortality, and Survival Trends of Pancreatic Cancer in Kazakhstan: Data from the National Electronic Registry of Oncological Patients (2014-2023)”

(«Қазақстандағы ұйқы безі обырының сырқаттанушылық, өлім-жітім және өмір сүру үрдістері: онкологиялық науқастардың ұлттық электрондық тіркелімі деректері (2014-2023) »).

Зерттеу авторларының бірі Ұлттық госпиталдің нейрохирургі, Жас мамандар кеңесінің мүшесі Абзал Жұмабеков.

Мақала онкология саласындағы беделді халықаралық ғылыми журналдардың бірі болып табылатын “Cancers” басылымында (“Clinical Epidemiology and Risk Prediction for Gastrointestinal Cancers” арнайы шығарылымында) жарияланды.

Зерттеу нәтижелері ұйқы безі обырының Қазақстанда онкологиялық өлім-жітімнің ең жиі кездесетін бес себебінің қатарына енетінін көрсетті.

2014-2023 жылдар аралығында аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері артқан. Бес жылдық өмір сүру деңгейі небәрі 10,9 пайызды құрайды.

Авторлар бұл көрсеткіштер ерте анықтау жүйесін жетілдіру мен онкологиялық көмектің тиімділігін арттырудың маңыздылығын дәлелдей түсетінін атап өтті.